Полицейлер эпилепсия талмасымен құлаған баланы аман алып қалды

Рудный қаласының патрульдік полицейлері эпилепсия талмасы ұстап қалған балаға көмек көрсетті.Оқыс жағдай 30 қаңтарда кешкі сағат 20.40 шамасында болған. Патрульдік полиция инспекторы Димаш Алдабергенов пен аға инспектор Дамир Ибраев керек жерден табылды. Ленин мен Горняктар көшелерінің қиылысында орналасқан модульдік пунктте кезекшілік атқарып отырған ер адам жүгіріп келіп, "Наурыз" сауда үйінің жанында эпилепсия белгілері бар бала жатқанын хабарлады.
– Ер адамның көмекке шақырған айқайын естісімен, қолыма қасықты ала сала дереу оқиға орнына жүгірдім. Баланың бой-денесі қатты құрысып, аузы көбіктеніп жатты. Оны құтқару үшін бірден әрекетке көштім. Қырынан жатқызып, аузына қасық салып, иегін жаза бастадым. Осы уақытта серіктесім жедел жәрдем шақырды. Олар бірнеше минут ішінде келіп, баланы ауруханаға алып кетті, – дейді Димаш Алдабергенов.
11 жасар баланың анасы патрульдік полицейлерге жедел және уақтылы алғашқы медициналық көмек көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓