Сезімге толы жинақ

Ақынжанды зағиптар жүректерінен туған жыр шумақтарының басын қосып, «Радуга чувств» деп аталатын жинақ шығарды. Өлеңдер жинағының тұсаукесері До­с­тық үйінде болды.IMG_8659
Өлең жазу үшін сезім қажет. Ал жандүниелері толғанысқа толы зағиптар үшін ішкі сезімдерін жыр шумақтары арқылы жеткізіп, оны ақ парақ беттеріне түсіру үшін сәл де болса көмек керек. Облыс­тық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың қызметкерлері осы көмекті барынша көрсетіп келеді. Кітаптың жарық көруіне «Қостанай баспа үйі» ЖШС бас директоры Анатолий Тарасенко да қолдау көрсеткен. Бірнеше ақынның жыр шумақтары енген жинақты зағиптар да оқи алады. 
Шарада жинаққа енгізілген шығармалардың авторлары, олардың жақындары мен туыстары, әлеуметтік жұмыскерлер, кітапхананың белсенді оқырмандары бас қосты.
Аталған жинаққа Хамит Исмұратовтың, Людмила Коломиецтің, Татьяна Смышляеваның, Евгения Потехинаның, Людмила Тупицинаның және басқа да авторлардың шығармалары енгізілген. Өздерінің денсаулығындағы шектеуліктерге қарамастан олар белсенді еңбек етіп, өздерінің қоғамдағы орнын көрсете алды. Алдарына қойған мақсаттарына жету үшін табандылық таныта білді. Сол еңбектері еш кетпей бүгін осындай тамаша кітап көпшіліктің қолына тиіп отыр.
Бүгінгі кешке осы авторлардың бірі Хамит Исмуратов келе алмаса да аудио жазба арқылы өлеңдерін оқыды. Ол түрлі тақырыпқа қалам тартқан. Тағдырдың жазуымен 40 жасында көзі көрмей қалса да еш мойыған емес. Белсенді жан.
Жинақ көпшілік оқырмандарға арналған. Өлеңдер авторлардың түпнұсқасымен еш түзетусіз берілген.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓