Тасқынға тосқауыл
Жақында көршілес Ресейдің судан құтқару қызметкерлерімен көктемгі су тасқынына байланысты трансшекаралық штаб дайындығы пысықталды. Көршілес екі елдің төтенше жағдайлар қызметі арасында «Көктемгі су тасқынына байланысты трансшекаралық төтенше жағдайлардың алдын алу және шұғыл дайындық жүргізу» тақырыбында командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.
Биылғы жылы жаттығу барысында көктемгі су тасқыны кезінде трансшекаралық аймақта төтенше жағдайлар туындаған жағдайда өзара қарым-қатынасты нығайту.
Су тасқыны мен оқу-жаттығуға дайындық кезеңінде су басуы мүмкін деген аудандар, су өткізу, селге қарсы және басқа да қорғаушы инженерлік құрылыстар, жүзуге арналған құралдардың жалпы саны анықталады. Азық-түлік, палатка, дәрі-дәрмектер қоры мен басқа да қажетті заттар құрылды. Барлық әкімдіктерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады, қардың еруі мен өзендердің мұзы жарылып сең жүруі үнемі бақылауға алынады.
Ресейдің Челябі облысы мен Қостанай облысында төтенше жағдай туындаған жағдайда дағдарыс басқармасының орталығында екінші эшалонның жедел тобы құрылды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ