Жүрзігушілерге жаңа куәлік
Жаңа куәліктер 2015 жылдың 3 наурызынан бастап беріледі. Мұндай құжатты халыққа қызмет көрсетудің мамандандырылған орталықтарында немесе полицияның тіркеу емтихан қабылдау бөлімшелерінен алуға болады. Сонымен қатар жүргізуші куәлігін алуға еGоv «электрондық үкіметтің» веб-порталына өтінішті жолдауға мүмкіндік бар. Айта кету керек, 1996 жылғы үлгідегі А, В,С,D,E,Tm,To категориялар келесідей өзгертілді:
ескі үлгідегі А жаңаша А, А1 категориясы, В жаңа В, В1, С енді С, С1 болмақ, ал ВС категориясы С, С1, ВЕ болып ауыстырылды, D түрі D, D1, Е категориясы қосымша С немесе D болса, сәйкесінше СЕ, С1Е, DЕ, D1Е деп өзгертілді. Жаңа куәліктерде 7 категория бар. Енді скутер мінгендерде (А1), трициклмен жүйткігендерде В1 категориясы бар куәлік болуы шарт.
Авто көлік жүргізуді енді оқып жатқан болашақ жүргізушілер жаңа үлгідегі куәлік алатын болады. Онда оқушының санатына қарай тек бір ғана категория көрсетілмек.
Куәліктерін жоғалтып алған немесе ауыстырмақ ниетті азаматтар тиісті құжаттармен құзырлы мекемеге жолығып, 2478 баж салық төлеп, жаңасын алуға болады.
Махаббат Бекбай