Қос кемпір

Үйіндегі жалғыз әйелге бір ауыз сөзін өткізе алмай пұшайман болған кейбір пақырларды көргенде жадыма, туған ауылым "Байғабылдағы" аталас әкем  Шәки марқұм мен оның қос кемпірі Мәрия мен Бану шешелерімнің жарқын бейнелері оралады.

Шәки әкеміз елге сыйлы, кеудесі орден-медалға толы Ұлы Отан соғысының ардагері.  Бір аяғын жеңіс жолына құрбан еткен мүгедек. Сонысына қарамастан кеңшарымыз қой өсіруге мамандандырылғандықтан жүн мен тері-терсек қабылдайтын пункттің меңгерушісі боп еңбек еткені   есімде. Сол әкеміздің үйінен кіріп-шығып жүретін қос шешемізді көріп, бала болсам да ойланушы едім: "Кеңес өкіметі мен партияның дәуірлеп тұрған тұсы. Коммунист қалайша қос әйелге үйленген? Бұл коммунистік моральға қайшы ғой" – деп. Әрі заң да қатаң, бұзған адамның маңдайынан сипай қоймайды. Сөйтсе әкеміз жесір қалған жеңгесі мен жетімек бауырларын далаға тастамай, қолына көшіріп алған екен. Нәпсіқұмарлықтан емес, әрине. Бұл атамыз қазақтың ежелгі дәстүрі һәм жазылмаған заңы. Яғни, әкеміз өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай кеңес өкіметінің заңын айналып өткен. Сол қос кемпір бірін-бірі өле өлгендерінше келіншек деумен өтті. Себеп: үстіне алған әйелі болса да жеңгесі Бану шешеміздің жолы үлкен. Ал Мәрия шешеміз бәйбіше болса да оған келін. Былайша айтқанда абысын-ажынды.  Бір ғажабы, әлгі шешелеріміз күндестіктен мүлде ада болып, қашан о дүние-лік  болғандарынша бір шаңырақтың астында бірге ғұмыр кешіп, кенжелері, менің құрдасым Серікбай мен келіндері Раяның қолында тұрды. Секең арда емген құлындай қос шешесінің ортасында еркелеп өсті. Қазір өзі де ата.  Әкесінің қарашаңырағына ие болып отыр.

Міне, сізге береке мен бір-ліктің, ынтымақ пен ырыс-тың, кісілік пен кішіліктің қарапайым ғана мысалы.  Ал оның жарқын үлгісін ұлттық сана-сезіміміз мәңгүрттеніп, жетім-жесірлеріміз көбейе бастаған кеңестік кезеңде-ақ, қара шал  Шәки әкем көрсетіп кеткен болатын.

 Алтай НҰРМАН.

кепирлер 1

 

Тартымды сыйластық

Мен 78-дегі шалмын. Осы жасқа келгенше біраз қиыншылықтарды да, жақсы уақыттарды да көріп, басымыздан өткіздік. Көп жерлерде болып, әртүрлі әдет-ғұрыптарды да көрдім. 2013 жылы Алматы жақта болдым. Мен Алматының Қарасай ауданы,  Бекболат ауылына күйеу боламын, әйелім сол ауылдан.

Елбасының туған жері "Үшқоңырда" да үш ай болдық. Әйелім сауыншы,  мен слесарь болып жұмыс істедік.

  2013 жылы сол жақта тұратын қайынағам Руслан кіші баласын үйлендіріп, арақ-шарапсыз той жасады. Ән мен күй, жарасымды әзіл-қалжың, мәнді де мағыналы тілектер жанымызды жадыратып, бір жасап қалдық.

Әйтсе де  арақ-шарап әлі де  қалмай келеді. Арақ-шарап ішкен жерде береке бола ма? Және тост деген бәле тағы бар. Оның өзі бір сарынды, көпшік қойып құр  мақтау сөздерді үйіп-төгіп айта беру, одан қалды даңғыр-дұңғыр музыка.  Үлкен кісілердің отыруы өте қиын. Бірақ  үлгі алар жақсы мысалдар да бар.

Биыл   қаңтарда Әулие-көлге құда болып бардық.  Қайыпжановтар әулеті менің құдаларым болады. Құдалар құдандалы болып,   құдалыққа мені де бірге апарды.

Құдалар өте жақсы қарсы алды. "Құдасын құдайындай сыйлаған" деген сөз осындайдан шыққан ғой. Үйден-үйге шақырып, құрметті қонақ болдық.  Біз Жолмағанбет құда екеуміз арақ-шарап ішпейміз, батамызды беріп, жақсы тілектер айтып отырдық. Әулиекөлде бірінші рет болуым. Өте риза болдым жетікөлдік ағайындарға.  Үлкендері де, жастары да домбыра тартып, өлең айтып көңілімізді көтерді. Асаба да өздерінің жігіті, домбырамен айтқан өлеңдері қандай мағыналы.

Құдалар жағынан Бауыржан деген жігіт көпті көрген азамат екен.  Екі құда кездесіп, көрген қызықты әңгімелерін айтып, жұртты күлдіріп отырды. Әңгімелері сондай тағылымды. Міне осындай отырыстар қандай мәнді.  Арақ-шарапты да  ретімен, сыпайы ауыз тиіп қана отырады екен. Қызып  артық сөйлеген ешкімді көре алмадым. Бір жақсы жері  – барлық туыстары бір жерге шоғырланып тату-тәтті тұрады екен.
Кісілігі,  қас-қабақпен ұғысқан ішкі бірауыздығы қызығарлық-ақ.
Әбен  Жакенов.
Денисов ауданы.

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓