Сырласқан қыздар қайда екен?

 
Өлең жазылмайды, өлең  туады дейді. Меніңше, әнде  өз кезегі келіп, толғағы  жеткен күні дүниеге келеді. Осыған бір мысал: Күнделікті шығатын қазақ тіліндегі  газет-журналдарды ақтара  отырып, ақын Шәріпбай Медетбаевтың жарияланған бір топтама өлеңдеріне кезіктім. Соның ішінде  қызықтырғаны, «Сырласқан қыздар қайда екен?» деген өлеңі ерекше ұнады. Осы өлең жазылған  бетті ұнаған өлеңдерді жинайтын папкама салып қойдым. Жүзге жуық жиналған  өлең  жолдары арасында осы өлең топтамасы  2-3 жылдай қозғау­сыз жатып  қалды.  Бірде, Торғай облысы жабылғаннан кейін, 2000 жылы Астанаға көшкен құдам Елеу­бай Абилдин Алматыға арнайы шақырумен барғаны туралы айтты. Себебі, Елекеңнің Алматыдағы тау-кен металлургия институтын бітіргеніне 40 жыл толған екен. 
1970 жылы Торғай жеке облыс болып ашылғанда  осы өңірдің құрылысын, соның ішінде, облыс орталығы Арқалықтың барлық құрылыс жобалары 1971 жылдың  ақпанында  арнайы  ашылған  құрылыс жоспарлау институтына тапсырылады. Осы институтты  бірінші  күннен басқару, жас болса  да өзін көрсете білген Абилдинге  бұйырады. Міне, осы  азамат 40 жыл өткен соң Алматыға барып, ректордың  жеке қабылдауында болып, көп жыл көрмеген  курстас­тарын көріп, серуендеп, бір  жасап қайтты. Алматыдан оралған құдамның сапары  қалай  болды екен деп барып, хал-жағдайын сұрадым. Көтеріңкі көңілмен барлық  болған кездесулерді суреттеген құдама әдейі қитұрқы сұрақ қойдым: «Барған сапарыңызда көңіліңізге ұнамаған бір жағдай болды ма?» – деп. Бұл сұрағыма: «Курстас қыздарым бәрі кемпір болып  қалыпты» – деп жауап берді. Арғымақ көңіл, өзі  алпыстан асқан шағында, курстас қыздарын кемпірлікке қимағаны, не деген ғажап!
Үйге келгесін жаңағы әнгіме еріксіз осы өлең жолдарын еске түсірді Оны  топтамадан  таптым. Осылай ән туды. Әнді, осы оқиғаның кейіпкері Құдам Елеубайға  арнадым.
Ерсайын  НАРЫМБАЕВ.
 кыздар 1
 Сырласқан қыздар қайда  екен?!
Самалы саумал айларда,
Сыбызғылы сайларда,
Сауығы сәнді тойларда,
Сырласқан қыздар 
                        қайда  екен?
 
Күлкімен тербеп аймақты,
Қыздырып жастық ойнақты,
Әзілімен, назымен,
Дуылдап бәрі жүр ме екен.
 
Қайырмасы.
Көрсем-ау, бәрін көрсем-ау,
Саумалды сайда жүрсем-ау.
Сыбызғылатқан  тойларда,
Солардан хабар білсем-ау.
 
Құлпыртып өңін
                        жазғы  арай,
Аңқылдап ұшқан қаздардай,
 
Суырыла шырқап
                        жез  таңдай,
Жұлдыздай самсап
                        жүр ме екен?
 
Кетті ме бәрі, жетті ме,
Сыннан өмір өтті ме,

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓