Білім шыңына алғашқы қадам
Талапты оқушы — қашанда жарқын да жақсы жетістіктерімен ерекше көзге түседі. Соның бірі — Арай. Ол басқа балаларға ұқсамайды. Бұл оқушым тілге, шешендік өнерге жақын-ды. Сондықтан да үстіміздегі жылғы республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қатысуы да бекер емес-ті. Ол 10 сынып оқушысы.
Арай Арбашованы ең алдымен қалалық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасына қара шаңырағымыздың намысын қорғауға жібергенде үмітіміз зор еді. Сол үмітіміз ақталып жүлделі ІІ орын алып, облыстық білім жарысына жолдама алды. «Қалай болады екен?» көңіліміз де қобалжыды. Арай қатысқан республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінің қазақ тілі мен әдебиетінен өткен сайыс Қостанай қаласындағы №2 орта мектебінде болды. Пән олимпиадасында оқушымыз бәрінен озық шығып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен І орынды иеленіп, республикалық пән олимпиадасына баратын болды.
Айкерім УСМАНОВА,
№19 орта мектебінің қазақ тілі мен
әдебиет пәнінің мұғалімі.
әдебиет пәнінің мұғалімі.
Рудный қаласы.
Талабың таудай болсын!
Мұхамеджан 2 «б» сыныбында оқиды. Ол жуырда Ресей Федерациясындағы Челябі қаласында өткен «Көркем би» сайысына қатысты. Осы сайыста екі алтын, бір қола медальға ие болды. Осы жеңісімен сыныптас достарын, аяулы ұстазын, ардақты ата-анасын, мектебін қуантты. Мұхамеджанның биге деген құлшынысынан үлкен үміт күтуге болады. Осындай өнерлі бала тәрбиелеп отырған Мұхамеджанның ата-анасына рахмет айтамын. Мұхамеджанның алар асуы, бағындырар белестері биік болсын! Мектебіңнің мақтанышы бол, талабыңа нұр жаусын демекпін.
К.КУШМАНОВА,
№19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Рудный қаласы.