Жеңіспен оралды
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 26 жыл толуына орай Қарағанды қаласында нысана көздеу-ден дәстүрлі бесінші облыстық турнир болып өтті. Оған Қарағанды және Қостанай облыстарындағы әскери-спорттық клубтарының 12 командасы қатысты. Міне, осы жарыста жалпыкомандалық есеп бойынша Қостанайдан барған "Тайфун" әскери-патриоттық клубы жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Ал жекелеген есепте команда мүшесі Владислав Татаркин үшінші орынға табан тіреді.