Жерлесіміз жеңді

14856830e84480630a76

Таяуда Беларусь астанасы Минск қаласында самбодан ел Президентінің жүлдесі үшін әлем Кубогының екінші кезеңі өтті. Оған Қостанай облысының палуандары да қатысып қайтқан болатын. Осы байрақты бәсекеде 74 келіде белдескен қарасулық Асылбек Әлкей алтыннан алқа тақты. Ол ақтық сында өз отандасы, қарағандылық Арман Сәрсембиннен басым түскеін айта кеткен жөн. Ал әйелдер арасында күш сынасқан рудныйлық Марина Мамонтованың жолы болған жоқ. Ол бар болғаны 5 орынды қанағат тұтты. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓