“Қызыл алма”
І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры 26-27 ақпан аралығында Е.Қушуақтовтың "Қызыл алма" атты қойылымының премьерасының тұсауын кесті.
"Қызыл алма" өзбек драматургі Еркін Құшуақтовтың пьесасы. Жанры лирикалық комедия. Ауыл қызының тұрмыс құрар кездегі алғашқы ұлттық салт-дәстүрді сақтап, өзінің болашақ тағдырын шешудегі әрекетін суреттейтін спектакльден күтеріміз көп. Қойылым өзінің күлкілі оқиғасымен көрерменге қызықты және қоғамдық тәрбиесімен маңызды. Кейде махаббат бастауын бір көргеннен иіріміне тартып кетер, ғашық болу сезімінен іздесек, ал пьесаның кейіпкерлері, махаббат бастауын ұлттық тәрбиені бойына сіңірген, ата-ананың тегінен тамыр алған екеудің жолыққанында ғана шынайы болмақ екенін көрсетпек.
Қойылымның режиссері бүгінде театрдан тәжірибеден өтіп жатқан Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 5 курс студенті Әділет Ақанов