Тұмау бәсеңдей түсті
Соңғы аптада Қостанай қаласында тұмауға шалдыққандар саны біршама азайды. Егер ақпанның бастапқы күндерінде 2 мыңға жуық науқас дәрігерлер көмегіне жүгінсе, қазір бұл көрсеткіш төмендеді дейді қалалық тазалық-індет басқармасының қызметкері. Эпидемиологияқ кезең басталғалы 13 мыңнан астам науқас тіркеліп, олардың 13-де, яғни 7 бала мен 5 еректер азаматт тұмаудың А және В типтері расталған.
Ақпанның 20-нан бері респекторлық вирустық инфекцияны жұқтырғандар азайғанымен, әлі де дертке шалдығу қауіпі бар. Сондықтан қазір қалалық емханалар күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. Эпидемияны болдырмаудың барлық шаралары да қолдануда. Әр емханада тұмаумен келген науқастарға қарайтын арнайы бөлмелер белгіленген. Көбінесе сырқаттарға үйлерінде медициналық көмек көрсетуге тырысамыз дейді дәрігерлер.
Наурыз айында жағдай тұрақтанғанымен, эпидемияның екінші толқыны айдың орта шебінде болады деп болжайды мамандар. Бұл кезде салқын тиіп ауыратындар дені жастар. Ауа райы алдамшы осы кезде жеңіл киініп жүретін жасжеткіншектер науқастар қатарын толықтырады екен. Білім беру мекемелеріндегі жағдайға да күнделікті мониторинг жасалып, ондағы тұмаудын алдын алу шараларының талапқа сай орындалуы қатаң бақылауға алынған.
Аурудың емін іздегенше, оның алдын ал демекше, мамандар күн рауы жылынғанымен жылы киініп, осы уақытта ағзаға пайдалы дәрумендерді пайданған жөн дейді.

Махаббат Бекбай