Кәсіпкерлік қарқын алуда
Лисаков. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының төртінші бағыты бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді. Бағдарлама аясында 140 кәсіпкер халықаралық және шетелдік ұйымдармен әріптестік қарым-қатынас орнатты. Сонымен қатар қалаға ағаш өңдеу, қонақ үй және нан өнімдері бизнесін дамыту үшін 3 сарапшы келіп, дәріс оқып, тәжірибесімен бөлісті.