Маңызды шара
Жақында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Асхат Іскендіров пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту бөлімінің қызметкерлері А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің экономика және менеджмент кафедрасының студенттеріне "Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына жастардың көзқарасы" тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуде жаңадан құрылған мемлекеттік орган – Агенттіктің негізгі міндеті мен бағыты туралы және сыбайлас жемқорлықсыз – еліміздің жаңа форматтағы даму векторын айқындауға негізделген құжаты болған Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы түсіндірілді.
Сонымен бірге кездесуде студенттер мемлекеттіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясаты бойынша ой-пікірлерімен бөлісіп, қызықтырған сұрақтарын қойды.