СТАТИСТИКАҒА ЖҮГІНСЕК

2015 жылғы қаңтардағы Қостанай облысының негізгі әлеуметтік­-экономикалық индикаторлары: Салыстырмалы мониторинг
Өнеркәсіп. 2015 жылғы қаңтарда облыс кәсіпорындары қолданыс­тағы бағаларда 35,0 млрд. теңгенің өнімдерін өндірді (2014 жылғы қаңтар – 37,9 млрд. теңге). 2015 жылғы қаңтарда нақты көлем индексі 2014 жылғы қаңтармен салыс­тырғанда 97,2% құрады.
Көлемнің өсімі электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 3,9%, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда – 1,5%, өңдеу өнеркәсібінде – 1,3%, қамтамасыз етілді. Өндірістің төмендеуі кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 8,8% байқалды.стрелка 2
Ауыл шаруашылығы. 2015 жылғы қаңтардағы ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 5,9 млрд. теңге (ағымдағы бағаларда) болды немесе 2014 жылғы қаңтарға 107,8%, одан мал шаруашылығы – 5,9 млрд. теңге (107,8%). Мал мен құстың барлық түрлерінің етін өндіру тірі салмақта 9,3 мың тоннаны құрады (2014 жылғы қаңтарға – 104,3%), сиыр сүті – 17,6 мың тонна (106,0%), тауық жұмыртқасы – 37,9 млн. дана (152,8%).
Инвестициялар. Негізгі капиталға салынған инвестициялар бағалау есебімен 2015 жылғы қаңтарда 5,8 млрд. теңгені немесе 2014 жылғы қаңтарға 64,6% құрады.
Құрылыс мердігерлерінің келісім-шарттары бойынша бағалау есебімен орындалған жұмыс пен қыз­меттер көлемі 2015 жылғы қаңтарда 1,7 млрд. теңгені немесе 2014 жылғы қаңтарға 87,3% құрады.
Қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы алаңы 33015 шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілді немесе 2014 жылғы қаңтарға – 174,3%.
Сауда. 2015 жылғы қаңтарда бөлшек сауда көлемі 14,4 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылғы қаңтар деңгейіне 101,1%.
Көлік. 2015 жылғы қаңтардағы автомобиль көлігімен тасымалданған жүктің көлемі 19,9 млн. тоннаны құрады немесе 2014 жылғы қаңтар деңгейіне 100,8%. 2015 жылғы қаңтардағы жүк айналымы 803,2 млн. ткм құрады, бұл 2014 жылғы қаңтардан 2,7% артық.
Автожол көлігімен 146,9 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2014 жылғы қаңтар деңгейіне 102,9%.
Бағалар. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2015 жылғы қаңтарда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 100,8% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 101,2%, азық-түлік емес тауарларға – 100,3%, ақылы қызметтерге – 100,9%.
Тұрмыс деңгейі. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 2015 жылғы қаңтарда 17930 теңгені құрады, республика бойынша – 19059 теңге.
Облыс кәсіпорындарындағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2014 жылғы желтоқсанда 111871 теңгені құрады немесе 2013 жылғы сәйкес айға 113,2%. Инфляцияға түзетуді ескере отырып, нақты жалақы индексі көрсетілген кезеңде 105,7% құрады.
Еңбек нарығы. Облыс кәсіп­орындарындағы жалдамалы қызметкерлер саны 2014 жылғы желтоқсанда 204,2 мың адам болды немесе 2013 жылғы желтоқсанға 98,4% құрады.
2015 жылғы 1 ақпанға жұмыспен қамтудың уәкілетті органдарында экономикалық тұрғыдан белсенді халық санында тіркелген жұмыссыз­дардың үлесі облыс бойынша 0,3%, республика бойынша – 0,5%.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓