Сынық құмыраның сыры

Кешегісіз бүгін жоқ деген, ата-бабадан қалған асыл мұраларымызды түгендеу парызымыз. Барды бағалай біліп, жоғын іздестіріп,  жер  астынан табылғанын зерделеу, дәріптеу және көзіміздің қарашығындай сақтау, сөйтіп оны болашаққа аманаттау– бүгінгілер үшін өрелі іс болмақ.   
1921 жылы, 8 наурызда Аманкелді ауданының "Сарыторғай" кеңшарына қарасты Маятас ауылында Ержан мен Ілияның отбасында дүниеге келген Шәрипа Ержанова 90 жасқа келген шағында, 2011 жылы 4 қаңтарда дүниеден озды. Аяулы Шәрипа анамызды Аманкелді ауданындағы Кемер ауылының құттық-қыржігіт қорымына жерледік.Кумыра
Кәбір қазғандар жер астынан құмыралар тауып алыпты. Қыс мезгілі емес пе, жердің тоңын ойып жатқанда сүйменнің ұшы қыш ыдысқа тиеді. Бірнеше рет сүйір, зіл батпан темірдің  ұшы тиген  құмыра  қатты зақымданған. Сөйтіп, кәбірден іші құмға толған үш құмыра шығады. Құмыраларды жақын маңдағы тастың үстіне қойып кетеді. Оны бауырларым келесі күні  таңертең ғана  айтты.
Қыш ыдыстардың бүйірі шығыңқы. Тарақ қалыппен түсірілген ою түрлерінің арасында штрихталған немесе ашық үшбұрыштар,  қисық сызықтар, шұңқыршалар бар. Энциклопедияға көз жүгіртсек, осы бейнедегі суреттер біздің заманымызға дейінгі 15-14 ғасырларда тұтынылғанын бағамдауға болады. Қола дәуірдің  ескерткіштері болуы мүмкін.
Ата-бабалар аруағын құр-меттеп, анамның басына барып құран оқытқаннан соң әлгі құ-мыраларды үйге алып келіп, Ар-қалық қаласындағы тарихи-өл-кетану мұражайына  тапсырдық. Бұл көне құмыралар бағзыда ата бабаларымыздың  пайдаланған ыдыстары болса керек.
Анам 1938-39 жылдары Қыпшақтың Құттық руынан шыққан Уәйісұлы Әбдуахит атаға (есеп-ші болған) тұрмысқа шыққан. 1941  жылы  Ұлы Отан соғысы басталғанда соғысқа алынып, содан хабарсыз кеткен. Есімі "Боздақтар" кітабында жазылды.
Анам ол кісіден екі бала сүйіпті. Бірінші баласы шетінеп кеткен. Екінші баласы Әбдіғалым Әбдуахитұлы қазіргі кезде сол Кемер ауылында, немере-шөберелерінің қасында ғұмыр кешіп жатыр. Шәрипа шешем 1950 жылға дейін жарын тос-қан. Өзі қара жұмыс істеп, шиет-тей бала-шағасын, үлкен кісі-лерді баққан. Сөйтіп жүріп ауыр жұмысты да атқарған. Бір өзі шөпші де, медбике де, сылақшы да, шопан да болған. Қолынан іс тігу, тоқу да келетін. Керемет шебер кісі-тұғын. Өз қолымен тоқыған шәлісі менде сақтаулы. Ата-бабаларынан анама жеткен күміс сақиналар да қазір біздің қолымызда.
1951 жылы үлкен кісілер ақылдасып, анамды Әбдуахиттың інісі Қарсақбай Әубәкірұлына қосқан. Қарсақбай бір атадан жалғыз.Анам одан сегіз  бала сүйді. Қазір үш-төрт баласы аман-есен өмір сүріп жатыр. Құттық Қарсақбайдың әкесі – Әубәкірдің жұбайы Ақжан әже қыржігіт – Нұржан деген кісінің қызы.  Ақын Файзолла Сатыбалдыұлы Ақжан әжеміздің ағасы болып келеді. Файзолла Сатыбалдыұлы 1883 жылы, Ақжан әже 1888 жылы туған. Шәрипа анамыз Файзолла атаға өз қолынан талай рет шай құйып бергенін әңгіме етіп айтқан еді. Үл-кен кісілермен әжелер аға-қа-рындас болып өте жақын араласқан деседі. Файзолла атамызға жала жабылып, 1929-1935 жылдары Қостанайдың өкіл соты ақынды 14 жылға үкім кесіп, Ақтеңіз-Балтық, Мәскеу, Новосібір каналдарын қазу жұ-мысына айдап жіберген. Ата 1946-1947 жылдары Батпаққараға оралады. Ол кездері Шәрипа апам құттықтарда келін болып жүрген кезі. Байдың қызы болғанымен байлықтың дәмін тата алмай кеткен жан анам, фә-ниде  ата-бабалары  қоныстан-ған қазынаға бай жер қойнында жатқанын сезер ме екен…
Әлия Әубәкірова.
Арқалық қаласы.
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓