Біздің Димаш

Дмитрий Ромащенконың  мектебімізге  тәжірибеден өтем деп келгені кеше ғана еді. Бүгінде сол қызыққа толы бір ай зымырап өтіп кеткенін өзіміз де аңғармай қалдық. Педагогикалық тәжірибесін  сынып жетекші ретінде 10"ә",  ал пән мұғалімі ретінде 8"б" сыныбында атқарды. Мұғалім болудан жасқанбайтын жас жігіт мектепте өзін еркін сезінеді. Келген күннің өзінде "Мемлекеттік тілдің мұғалімі болам" деген нық сөзінен-ақ бойындағы алау отын сезіндім. Әр ісінің нәтижесіне жеткенше асығатын  Дмитрий өзінің алғырлығы мен жас жеткіншектердің бойына сенім-ділік ұялатты. Ұлты басқа бола тұра өзінен кейінгі іні-қарындастарға үлгі болуға ұмтылған жас жігіт шамалы уақыттан соң "Филология" оның  ішінде қазақ филологиясының толыққанды  маманы болады.DSC02801-2
  Мемлекеттік тілді еркін меңгерген, кей кезде үлкен көз көрген ақсақалдарша сөзіне "Абайдың қара сөз-дерін», мақал-мәтел, қанатты сөздерді тіліне тиек етіп отырғанын көріп, қалай қайран қалмайсыз?!
Өзінің қазақ тілі мамандығын таңдағанына бір мезетте өкінген емес. Әрдайым өзінің университеттегі мұғалімде-рін мақтанышпен еске алып жүреді. Онысынан оларға деген және өзінің курстас достарына деген кіршіксіз сағынышын байқауға болады.  Жалпы жан дүниесі таза, мемлекетін шын сүйетін нағыз  патриоттың  тәлімгері болғаныма  қуаныштымын. Әрдайым өз оқушыларыма үлгі қылып жүремін. Бірақ оның  ізін қуса да дәл Дмитрийдей  елінің   нағыз  пат-риоттарының азайып бара жатқандары жаныңды жүдетеді. Өйткені қазіргі таңда орыс мектебін жақсы бітіріп Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсетін түлектер азайып, көбінесе  көршілес Ресейдің   оқу орындарына түсетіні бәрімізге айғақ. Ал  Дмитрий болса өзінің оқып жүрген оқу орны  Қостанай мемлекеттік университетін Гарвард пен Оксфордтан кем көрмейді. Біздің "ҚМУ-ға  ештеңе жетпейді " деп сайрай жөнеледі.
 Болашағына зор үмітпен қараймын. Тағдырын  мемлекеттік  тілмен байланыстырған жас жігіттің өмірі де осы тәжірибесі сияқты еш қиындықсыз өтсе екен деген тілегім бар.
Болашағың жарқын
болсын, Димашым,
Мен өзіңді шоқ жұлдызға
баладым.
Қазақ тілін асқақтатып
әрқашан,
Таудай болсын, өмірдегі
талабың!
– дегім келеді.
 
Әйгерім Сұлтанова,
Димитров атындағы   №1 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Федоров ауданы.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓