Мамандық таңдау – мектептен

Қостанай облысында журналистика саласы айтарлықтай даму үстінде. Өңірден шыққан білікті мамандар жетіп-артылады. Ол – бірінші кезекте А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жемісі. Таяу да ғана журналистика мамандығының 1-курс студенттері – Дина Бахтиярқызы, Аружан Серік Арқалық қаласына барып, аталған мамандық бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Түсіндіру жұмыстарын Арқалықтағы 3 мектептің арнайы жабдықталған кабинеттерінде өткізді. Оған мектеп басшылығы, ұстаздар қауымы, 10-11 сыныптан жалпы саны 80-ге жуық оқушы қатысты.Студенттер журналистика мамандығы туралы ақпарат беріп, таныстырылым жасады. Оқушылармен кері байланыс орнатып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Шығармашылық мамандыққа түсу жолдарын айтып, емтиханға дайындық жайында хабардар етті.Жалпы, журналистика мамандығына түсу үшін ҰБТ-дан екі пәнді таңдау қажет. Олар – Қазақстан тарих және оқу сауаттылығы. Әрбір пәннен шектік 5 балл жинаса, түлектің оқуға түсу мүмкіндігі бар. Қосымша шығармашылық емтиханды ЖОО қарбырғасында екі кезең бойынша тапсырады.

 

 
Дина ДӘУЛЕТКЕЛДІ,
ҚӨУ студенті.
Арқалық–Қостанай.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓