Гашиштің ірі партиясы тәркіленді

4 қазанда "Қарасора-2022" жедел-профилактикалық шарасын өткізу барысында Қостанай ауданының Тобыл қаласында есірткі қылмысы басқармасының қызметкерлері 37 жастағы азаматты ұстады. 

Тінту барысында оның күртешесінің төс қалтасынан жалпы салмағы 17,5 гр жасыл түсті ұнтақ заты бар үш полиэтилен байламы табылып, тәркіленді.
Тұрғылықты жерін тінту кезінде гаражда салмағы 189,2 г ұқсас зат табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес,  алынған зат жалпы салмағы 206,7 гр "гашиш" есірткі заты болып табылады.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды(аса ірі мөлшерде сақтау), күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды.
Ағымдағы жылы заңсыз айналымнан 176 кг. 870 гр тәркіленді. Түрлі есірткі, оның ішінде 555 гр.- героин, 18 келі 486 гр. – гашиш, 851 гр. синтетикалық препараттар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓