Мемлекеттік маңызы бар қадам
Бүгін, 24 мамырда Рудный қаласында облыстық Референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штабының ұйымдастыруымен, конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында "Арасан" ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өтті. Жиынды штабтың мүшесі М.Ысқақов жүргізді.

Президенттің бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар іс-шараның басты тақырыбы болды. Спикер Ата заңдағы өзгерістер демократияны дамытуға бейілділікті көрсететін маңызды саяси реформаларға алып келетінін атап өтті.



"Арасан" ЖШС ұжымы Президент жүзеге асырып жатқан қайта құру саясатын қолдай отырып, 5 маусымдағы референдумға бір кісідей қатысып, азаматтық сыналар сәтке жауапкершілікпен қарайтындарын айтты.