Жас музыканттар сайысы
Облыста. Балаларға қосымша білім беретін өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 24-25 ақпан аралығында өнер мектептерінің оқушылары арасында 49-шы облыстық білім сайысын өткізбек. Сайыс мақсаты балалардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіріп, олардың орындаушылық шеберлігін арттыру және кәсіби болашағы зор, дарынды оқушыларды анықтау. Байқау солистер, ансамбльдер мен оркестр ұжымдары арасында өткізіледі. Үш жас аралығында сынға түсетін жастар үшін бұл өзін-өзі көрсетудің бір сатысы болмақ.