Вакцина егу уақытша тоқтатылды
Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысымен Теміртау және Жаңаөзен қалаларында егу жұмыстарынан кейін орын алған келеңсіз оқиғалардың тіркелуіне байланысты егу жұмыстары уақытша тоқтатылды.
Республикалық ақпарат көздеріне сүйенсек, егу жұмыстары үстіміздегі жылдың 2 наурызына дейін тоқтатылды. Осы уақытқа дейін тергеу жұмыстары аяқталып, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ұлттық дәрі-дәрмек, медициналық заттар мен медициналық техниканы сараптау орталығы вакцинаға сараптама жүргізетін болады.
Ал, Қостанай облысы бойынша бұл вакцинаны жасөспірімдердің үштен бірі ғана қабылдап үлгерген екен, тек біреуі бас ауруымен шағымданған көрінеді.
Қарлығаш Маратқызы