“Қызыл бәйшешек” акциясы

Аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров аудан жұрт-шылығын құттықтап және ауған соғысының ардагерлері: Серік Жадиков, Құнанбай Төлеубаев, Марат Ғизатуллин, Бөкейхан Исмагуловтарға марапаттау хаттарын табыс етті.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ауған соғысы туралы: "Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді…" – деген сөзі бар. Сол ауған соғысының аяқтал-ғанына биыл 26 жыл толып отыр. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. Оған әр елден, сондай-ақ 22 мың қазақстандық қатысқан екен.
– Қайсыбір ана жал-ғыз боздағынан айырылды, кейбір бала әкесіз, кейбір отбасы панасыз қалды. Енді ғана азамат атанып әс-кер қатарына алынған қаншама жігіттеріміз ауған даласында жан тапсырды. Ал кейбір жауынгерлер із-түзсіз жоғалып кетті. Аяқ-қолдан айырылып қан тө-гіп мүгедек болғандар қаншама, ауған соғысы – жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын оқиға, – дейді сұрапыл соғыстың куәгері Бөкейхан Исмагулов өз сөзінде.
Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы – Отаны үшін жанын пида еткен азаматтарын мәңгі есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа отансүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау екенін ешқашан ұмытпайық.
Гүлім ЫСМАҒҰЛ.
Жанкелдин ауданы.