Ардагерлер спектакль көрді

Спектакльдің қысқаша желісі Ауған соғысынан мүгедек болып оралған азаматтың арбаға таңылған қиын тағдыры туралы. Шарықтау шегінде әз-әзілдің арбауымен шаңырағы шайқалып, ақыр аяғында адал достық пен сүйіспен-шілік жеңіп шығады. Басты рөлді ҚР Мәдениет қайраткері О.Нұрғали асқан шеберлікпен сомдап шықты. Театр әртістері Е.Барақов, Б.Ордабаева, Р.Байкөбен, Ұ.Сейдахметовалар да өз кейіпкерлерінің шынайы бет-бейнесін ашып, көрермен көзайымына айналды.
Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылған күнімен орайластырылған қойылымды қалың жұртшылықпен бірге ауған соғысының ардагерлері де арнайы келіп тамашалады.
– Ауған соғысы туралы кинолар, кітаптар жиі шығып жатыр ғой. Ал, мынадай спектакльді алғаш рет көруіміз. Театр ұжымына үлкен алғысымызды айтамыз, – дейді ауған соғысы ардагері Марат Батырханұлы.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.
Суретте: Спектакльден көрініс.
Суретті түсірген автор.