Тарих пен мұрағат егіз ұғым

IMG_6965все на сайт Мемлекеттік мұрағат құнды деректерді сақтайтын орын. Өткен тарихты қолыңызға аманат етіп тапсырар маңызды мекеме.  Ондағы мамандардың қызметі жауапкершілікке толы. Осынау маңызды саланың атқарып жатқан жұмыстары туралы облыстық баспасөз клубында өтен брифингте айтылды. Іс-шараға Қостанай облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова және облыстың мемлекеттік мұрағатының директоры Валерий Вишниченко қатысып, журналистердің сауалдарына жауап берді. Брифингтің модераторы-облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жанділдә Мақанов.
Қостанай облысындағы мұрағат саласы 1923 жылғы 21 желтоқсаннан бастау алады. Аталған жылы Қостанай губерниялық мұрағат бюросы ашылған. Уақыт өте ежелгі мұрағат бюросы Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты деп аталды. Былтырғы жылы облыстық мұрағаттар 90 жылдығын атап өтті. Мерейтойға орай ұйымдастырылған іс-шаралар жергілікті баспасөз беттерінде жарияланып, телеарналар арқылы көрініс тапқаны белгілі.
IMG_6972 на сайт -Ел тарихы мен мұрағат егіз ұғым. Тарихты жасайтын-халық. Ал оны сақтайтын-мұрағат. Өңіріміздің дамуын дәлелдейтін құжаттар мұрағат қоймасында сақтаулы. Облысымыздың өткен белестері сарғайған парақтарда сайрап жатыр,-деді облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова
Мемлекеттік мұрағаттың негізгі үш міндеті бар. Олар, елдің, жердің тарихымен байланысты құжаттарды жинақтап, сақтайды. Құнды деректердің мемлекет, адам және қоғамның игілігіне пайдалануға жол ашады. Мұрағатшылардың негізгі қызметі осынау міндеттермен тікелей байланысты.
Қостанай облысында 21 мұрағат бар. Олардың қоймаларында 5300ге жуық мұрағаттық қорлар жинақталған. Тарихи маңызды фотосуреттер, партия органдары мен мемлекеттік ресми құжаттар, хаттар, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің естеліктері және Қостанай қаласының өткені туралы деректер сақтаулы. Қазіргі уақытта облыстың мұрағат саласында 232 адам жұмыс істеуде. Соның ішінде 95 маман жоғары білімді.  
 IMG_7038 архив на сайтОблыс аумағына қарасты мұрағаттар елдегі елеулі оқиғаларға үн қосып отырады. Тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығы, Қостанай қаласының 135 жылдығы, «ССКӨБ» АҚ-ның 60 жылдығы, Ы.Алтынсариннің Торғайда мектеп ашуының 150 жылдығына орай фотоқұжаттық көрме, ғылыми-теориялық конференция, жұртшылықпен кездесулер, дәрістер, экскурсиялар ұйымдастырды. Аталған мекеменің биылғы жылға жоспарлаған жұмыстары ұшан-теңіз. Қазақстан халқы Ассамблеясының және облыстағы этномәдени бірлестіктердің құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдамақшы. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнаған іс-шаралары бір төбе. Көрме, экскурсиялар арқылы ҰОС-дағы батырлардың ерлігін мектеп оқушыларына насихатауды жоспарлап отыр. Облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесе «Қостанай облысының әскери даңқ» кітабы эстафетасын  жүзеге асырып жатқаны тағы бар.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретте: баспасөз клубындағы кездесу;
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓