Облыс әкімінің атына алғыс

ҚР "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Басқарма төрағасы Л.Ибрагимова облыс әкімі Н.Садуақасовқа "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын жүзеге асыруда жеткен табыстары үшін ризашылығын білдіріп, Алғыс хат жолдады.
Бағдарлама жүзеге асқан сәттен бастап облыс көлемінде жаңа бизнес-бастамаларға бағытталған және "Даму" Қорының кепілдігі бойынша екінші деңгейлі банктермен қаржыландырылған жеке 60  кәсіпкерлік субъектісі өз жобаларын жүзеге асырған. Оның ішінде былтырғы жылы 36 жоба қаржыландырылған.
Қостанай облысы әкімдігінің, "Даму" Қоры Аймақтық филиалының және банктердің бірлескен тиімді жұмысының арқасында, 2014 жылы  43  жоба мақұлданып, бұл республика бойынша 5-ші көрсеткішке ие болып отыр.
Айтолқын
        АЙҚАДАМОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓