Мақсат – обырдың алдын алу

IMG_6415Обырға қарсы күрес күніне орай, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары «Большевичка» тігін фабрикасында арнайы акция ұйымдас­тырды.
Шара барысында мамандар фабрика жұмысшыларына қатерлі ісік аурулары туралы, оның алдын алу мен емделу жолдары туралы кеңінен әңгімеледі. Дәрігерлердің айтуынша, бүгінгі таңда онкологиялық аурулардың алдын алуда скринингтік тексерулердің көп көмегі тиюде. Мәселен, 2013 жылы елімізде 7 млн. астам адамға скринингтік тексерулер жүргізілген. Оның ішінде сүт безі­нің қатерсіз және қатерлі ісігін ерте анықтауға 379 903 әйел қаралып, нәтижесінде сүт безі обырының 530 жағдайы анықталған. Сондай-ақ, қазіргі кезде әйелдер арасында кең таралған жатыр мойны обырын ерте анықтауға да 446 мыңнан астам әйел тексерістен өтіп, 170-нде әлгі дерт анықталған. Сонымен қатар, онкологиялық аурулардың ішінде өңеш пен асқазан, қуықасты безі, бауыр обырын анықтауға да скринингтік тексерулер жүргізілген.
– Біздің онкүндік аясында өткізіп жатқан шарамыздың басты мақсаты – онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте кезеңде анықтау мәселелері бойынша тұрғындардың және медициналық қызметкерлердің хабардарлығын арттыру, сондай-ақ, скринингтік тексерулерді уақтылы өтудің қажеттігі жөнінде халықты ақпараттандыру. «Большевичка» тігін фабрикасын да біз бекерден-бекерге таңдап алған жоқпыз, себебі мұндағы еңбек етіп жатқандардың дені қыз-келіншектер. Ал, қазір әйел­дер арасында сүт безі мен жатыр мойны тәрізді қатерлі ісік аурулары жиілеп барады. Сондықтан, бүгінгі шара барысында біз мұндағы нәзік жандыларға аталған арулардың алдын алу туралы кеңінен әңгімелеп, тегін брошюралар таратудамыз, – дейді бағдарлама үйлестірушісі Рабиға Наукенова.
Қарлығаш
         ОСПАНОВА
СУРЕТТЕ: іс-шарадан көрініс.
Суретті түсірген А.Жүзбай.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓