ӘКІМДЕР ҚАЛАСА…

Сұйытылған газ жергілікті әкімдердің өтінімдері негізінде ішкі нарыққа жеткізілетін болды. Бұл мәселе ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында шешілді деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында ҚР Ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарын қалыптастыру қағидаларына мұнай-газ химиясы кәсіпорындарымен және топтық резервуарлық қондырғылармен (тұрмыстық мұқтаждықтар үшін) қатар, сұйытылған газды электронды саудадан тыс сатып алуға құқығы бар субъектілердің тізімін кеңейтуді көздейтін өзгерістер енгізілді, мұндай құқыққа автогаз құю станциялары, газ желісі ұйымдары, газ толтыру бекеттері, газ толтыру станциялары ие болды.

Энергетика министрлігі субъектілердің аталған жаңа санаттары үшін электронды саудадан тыс ішкі нарықта сұйытылған газды бөлуге уәкілетті. Газ көтерме және бөлшек саудада өткізудің 150-ден астам субъектісі жұмыс істейтін өңірлердің әкімдіктері осындай субъектілер арасында сұйытылған мұнай газын бөлудің өз тетіктерін әзірлеуге уәкілетті.

 2021 жылғы желтоқсанда және 2022 жылғы қаңтарда бөлшек саудада өткізушілер  электронды саудалардан сұйытылған газ көлемдерін көтерме нарық бағалары бойынша сатып алды. Биыл 5 қаңтарда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сатуға шекті бағалар белгіленді (өңірлерге қарай – бір литрі үшін 50 теңгеден 70 теңгеге дейін, шалғай аудандарда – бір литрі үшін 55 теңгеден 75 теңгеге дейін), сондай-ақ шекті көтерме бағасы бір тоннасы үшін 38 701 теңгеден 28 000 теңгеге дейін төмендеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓