Road Show

11-12 қарашада Қостанай қаласында «Road Show» акциясының аясында ақпараттандыру-түсіндіру іс-шараларын өткізу жоспарлануда. 
Акция Президенттің Үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде өткізіледі және студент жастардың тұрмысын жақсартуға бағытталған.
Кездесулер барысында әлеуметтік нысандарды инвестициялаудың негізгі мәселелері, атап айтқанда, шарттар жасасу рәсімдері, мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібі, төлемдердің сомасы мен мерзімдері талқыланатын болады. Іс-шаралар "Атамекен" ӨКП, "Даму "кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ және "Тобыл "әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы"АҚ-ның қолдауымен өтеді.
Іс-шараға Қостанай қаласының мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, инвесторлар, қонақ үй кешендерінің, хостелдердің басшылары және басқа да мүдделі кәсіпкерлер шақырылды.
 
Безымянный

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓