Науқастар саны күрт өсті
Эпидемиологиялық маусымның басынан бері, яғни 2016 жылдың 1 қазанынан Қостанай облысында ЖРВИ-мен ауырған 34 мың адам, соның ішінде А түріндегі (H3N2) тұмаумен науқастанған 18 зертханалық расталған жағдай тіркелді. Ал бір адамнан эпидемия таратпайтын В түріндегі тұмау анықталған, деп хабарлады Alau.kz тілшісіне Қостанай облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Рагүл Тәженова.
2017 жылдың 10 қаңтар күні облыста тұмаумен ауырған 10 науқас және ЖРВИ жұқтырған 29 мың адам тіркелді. Науқастар саны күн сайын артып келеді.
Қостанай облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті білім беру және денсаулық сақтау басқармаларына эпидемиологияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы қаулы шығарды. Білім беру мекемелерінің басшылары оқу жүйесін өз қалаулары бойынша тоқтата алады.
Медициналық мекемелерде маскалық режім енгізіліп, науқастарға келу шектелді және жұмыс кестесі өзгерді.