Жолың болсын, жас түлек!

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас қазақстандықтардың білім саласы жағынан кең өрістеуіне зор көңіл бөліп келеді. Оның ең бастысы, жастарға сапалы білім беру. Білім беруді жетілдіруде жасалған үлкен қадамдардың бір қадамы – Назарбаев зияткерлік мектептерінің ашылуы. Бұл мектептерде Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі талантты жастарымыз сапалы білім алу мүмкіндігіне ие болып отыр.
Биылғы жылы 12 жылдық білім беру жүйесімен оқыған шәкірттер мектеп қабырғасын аяқтап отыр. Соның ішінде Назарбаев зияткерлік мектебінің физика-математика бағытын тәмамдаған 125 түлек үлкен өмірге аяқ басты.
– Ал облысымызда биылғы оқу жылында 5 мың түлектің 221-і "Алтын белгі" төс белгісі, 211-і "Ерекше аттестат" иегері атанды. Мектеп бітірушілерге мемлекет қолдауының арқасында, еліміздің және шетелдің үздік жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігі бар. Барлық түлектерге армандаған оқу орындарын аяқтап, білім шыңдарын бағындыруды тілеймін! Алда кездескен сындардан сүрінбей өтіп, мемлекеттің алға жылжытушы күші болатындарыңызға сенемін! – деді облыс әкімінің орынбасары Бақыт Есімова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓