«Болашақ»: не өзгерді?

Қостанайдағы кәсіпкерлер палатасында «Болашақ» бағдарламасымен шетелдік ЖОО-ларға түсу ережелерін түсіндіру бойынша брифинг өтті.
Іс-шара барысында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері конкурстық іріктеу ережелері мен «Болашақ» бағдарламасының үміткерлеріне қойылатын талаптарды түсіндіріп берді.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы – азаматтардың магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуы үшін жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде білім алуы, резидентурада оқуы немесе Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия санаттарын айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы үміткерлердің құжаттары Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталында онлайн қабылданады. Құжаттар қабылдау биылғы жылғы 14 қазанға дейін қабылданады. «Болашақ» халықаралық стипендиясы магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша тағайындалады.
Бұдан бөлек, ауылдық жерлерден келген үміткерлерге де жеңілдік жасалады. Атап айтақанда, IELTS нәтижесімен ағылшын тілін меңгеру деңгейі 5.0 балға дейін төмендетіледі. Ауылдық жерлерде міндетті тұру мерзімі 3 жылдан 2 жылға дейін қысқартылады.
Сонымен қатар оларға тілдік дайындықтан өтуге мүмкіндік беріледі. Сол сияқты аудандық маңызы бар қала тұрғындарын қосу арқылы ауылдық жерлерден кандидаттардың контингентін кеңейту және олардың санын ұлғайту ұсынылып отыр.
Брифинг соңында Халықаралық бағдарламалар орталығының қызметкерлері журналистердің барлық сұрақтарына жауап берді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓