Бір ғана дана екен

Бүгінде "Қостанай таңы"  газеті  қаланың  дүңгіршектерінде  сатылады. Гвардейская  көшесіндегі дүңгіршекке бардым. Газет,  журналдар  толып  тұр. Солардың  ішінде жоғарыда  аталған біздің газет көзіме  оттай  басылды. Бір ғана дана екен.
– Орта  жастан  асқан азамат тапсырыс бергесін, мұны  ешкімге сатпаймын, –  деді сатушы.
– Сұраныс болып  тұрғанда тағы да  көп данасын  әкелсек қалай  қарайсыз? – дедім  қызмет жасап  тұрған әйелге.
– Шынымды  айтсам,  былтырғы  жылы  "Қостанай таңын" іздегендер болды. Солар келе қалса, ұсынармын.
Сұхбаттасып    тұрғанымда қазақ азаматы   дүңгіршекке   таяды.  Әлгі кісі  орысша газетке қол созды. Таңырқаған қалпыммен  оны  сөзге  тарттым.
– Қазақша  оқу  керек қой, –  дедім.
– Солайы,  солай  ғой.  Мен  ана  тілімізде  дұрыс-тап  оқи   алмаймын, – деді Нұрлан есімді азамат.
– Мемлекеттік  тілдің мәртебесі  өсті. Соған үлес қосу сіздің парызыңыз емес пе? Балаларыңызды ұлттық басылымдарды оқуға баулыған  дұрыс  қой.
Нұрлан  жымия күліп: 
– Негізінде  ойланғаным дұрыс, –  деді.
Әрине,  қабырғаңмен кеңескеннің жөні бар. Дегенмен, облыстағы  оқиға-ларды "Қостанай таңы" газеті  арқылы  біліп отыру оқырманға  үлкен ғанибет. Себебі, салт-дәстүріміз, халқымыздың   әдебиеті   мен  мәдениеті  туралы танымдық  туындыларды жариялайтын осы газет  қана. Ойланайықшы,  бір  сәт,  бауырлар!
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓