Мас жүргізуші – қоғамға қауіп
Ішімдіктің буымен мотоцикл жүргізген 49 жастағы тұрғын 20 күнге қамауға алынды. Қақаған аязда мотоциклмен құйғытып жүрген жүргізуші тәртіп сақшыларының назарына бірден іліккен. Тексеру барысында, ер кісінің ішкені және көлік жүргізу куәлігінің жоқтығы анықталыпты. Осыны ескерген аудандық сот кінәліні ҚР ӘК 608 бабына сай жазаға тартты.