Мешітте семинар өтті

4 12.02.15Қостанай облыстық Марал ишан мешітінде өңірдегі барлық деңгейдегі имамдардың біліктілігін көтеруге ерекше көңіл бөлініп келеді. Мұндағы қызметкерлер ҚМДБ-ның дін қайраткерлерінің алдына қойып отырған келесі міндеттерін күнделікті жұмыстарында басшылыққа алып отырады.
Облыстың бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек бұл өзекті мәселені үнемі қадағалап, жұмыс барысында біліктілік, іскерлік жайларына да жеткілікті назар аударады.
Мәселен, жуырда ғана облыстық мешітте төрт күндік семинар өткізілді. Оған өңірдегі барлық аудандар мен қалалардың имамдары қатысып, көп жайды көңілге түйді. Онда Ақида, фиқһ тақырыптары бойынша дәріс оқылды. Дәрісті облыстық Марал ишан мешітінің наиб имамдары Дархан Сыздықов пен Асқар Мейрамбекұлы жүргізді.
– Біздің мешітте мұндай семинарлар өткізу дәстүрге айналды. Өйткені оның барша имамдарға берері мол. Сонымен қатар осындай басқосу барысында олар бір-бірімен тәжірибе де алмасады. Болашақта да осындай семинарларды ұйымдастыра бермекпіз, – дейді наиб имам Дархан Сыз­дықов.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓