“Тіл – татулық тірегі” республикалық байқауының жеңімпазы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт  министрлігі ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1223 қаулысымен бекітілген Қазақстан  халқы Ассамблеясының  жылы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарының 26-тармағына сәйкес ү.ж. 21-22 ақпанында мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлттар жастары арасында "Тіл – татулық тірегі" байқауын өткізді.-svvf46qrPQ
Байқаудың  мақсаты  Қазақстанда тұрып жатқан ұлыстардың өкілдері арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту болып табылады.
Байқаудың алғашқы кезеңінде қатысушылардың "Бүгінде қазақ тілін білудің маңызы қандай?", "Не себепті қазақ тілін үйренгім келеді?", "Қазақ тілін үйретудің ұтымды әдістері", "Менің көпұлтты отбасым: үйде қалай қазақша сөйлейміз", "Тіл бірлігі: мен туған тілімде, қазақ, орыс, ағылшын және өзге тілдерде сөйлеймін" және тағы басқа тақырыптар бойынша  түсірген қысқа бейнероликтері сыналды. 
Аталған  байқаудың  облыстық  кезеңінің  же-ңімпазы, "Қазақстан-Қостанай" телеарнасының жүргізушісі Гаврина Алла Николаевна республикалық байқауға жолдама алып, Қостанай өңірінің намысын табысты қорғады. Ол  "Мемлекеттік тілді білу – даму даңғылының дарбазасы" тақырыбындағы эссесі мен "Тілдер бірлігі –  ынтымақтастық кепілі" атты тақырыптағы бейнеролигінде облысымыздағы Ассамблея тынысын көрнекі айқыштағаны үшін жоғары баға алып жүлделі бірінші орынды иеленді және жетім балалар проблемаларына арналған авторлық "Бойтұмар" бағдарламасы үшін "Қайырымдылығы үшін Сауап" медалімен марапатталды.
 
Сәлім      МЕҢДІБАЙ
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓