Педагогтар тапшы

Балабақша мәселесі билік назарынан тыс қалмақ емес. 2013 жылдан бастап Октябрь поселкесінде 110 балаға арналған «Балапан», Лисаков қаласында «Улыбка» балабақшасы ашылды. Ал өткен жылы білім ошақтарының ішінен 4 мектепалды даярлық сыныбы есігін айқара ашты. Сонымен қатар өткен жылдың аяғында 60 балаға арналған «Балақай» балабақша іске қосылды. Қазір Лисаков қаласында балабақшаларда кадрлар тапшы. Лисаков қаласы әкімінің М.Жүндібаевтың айтуынша, 58 педагог жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін жергілікті билік өкілдері 1 шағын ауданындағы жатаханаға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді қолға алмақ. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓