АМАНГЕЛДІ ТОЙЫНЫҢ АЯСЫНДА (фоторепортаж)
Амангелді ауданының 90 жылдық мерейтойы да кешелі бері дүркірете думандатылып жатыр. Іс-шаралар легі бүгін де жалғасын табуда. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аудан орталығындағы бірқатар нысанды аралап, маңызды жиындарға қатысты. Бұл туралы сол өңірде жүрген тілшіміз хабарлайды.
Батпаққара өңірінде де нөпір жұртшылықты жиған түрлі ауқымды шара өтіп жатыр. Соның бір парасы – "Уақытпен үндеске өңір: Тариx. Тұлға. Тағлым" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. Аймақ басшысы, елге белгілі тұлғалар жиында бас қосып, келелі кеңес өткізіп жатыр. Онда ауданның тамырлы тарихы, берекелі бүгіні мен жарқын келешегі сөз болуда.
Бұған дейін облыс әкімі аудан орталығында жаңадар ашылған Тұрмыстық қызмет көрсету орталығында болған еді. Бұл орталықта жеке кәсіпкерлер орын теуіп, жергілікті халыққа тиімді бағамен қызмет көрсетеді. Тиісінше, оларға да оңтайлылық қарастырылған: мекеменің коммуналдық шығынын өтеу ғана мойындарында.
Аймақ басшысы орталыққа лайықты бағасын берді.Ізінше, меймандар ауданның тарихынан сыр шертетін көрмені аралап шықты. Құнды жәдігерлермен, түрлі деректермен, сырлы естелік-ескерткіштермен танысты.
Одан кейін А.Бегежанұлы түлектердің 90 жылдыққа тарту еткен спорт алаңына барды. Амангелділік жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруына ықпал болар, қажетті құрал-жабдықтар орнатылған кешенді тойға тарту етілген өміршең сыйлықтардың бірі деуге болатындай.
Айта кетейік, республикалық айтыс екі күнге ұласып жатыр. Бүгін республикалық ат бәйгесі, қазақ күресінен облыстық бәсеке өтеді. Ұлттық спорттарға автокөліктер тігілген.
Материал кейінірек толықтырылады.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев