Пандус пайда болды
Таран ауданының орталығындағы Өнер мектебінде пандус пайда болды. Бұдан былай өнерпаздардың шығармашылығын мүмкіндігі шектеулі жандар да еш кедергісіз келіп, көре алады. Шыны керек, Кеңес үкіметінде арбаға таңылған жарымжан жандар қоғамның назарынан тыс қалып отырды. Жеке кәсіпорын түгіл мемлекеттік мекемелердің өзінде оларға арналған пандустар болмады. Ал кейбірінде болғанымен, тым ыңғайсыз, сау адамның өзіне көтеріліп түсу қауіпті саналатын. Тек тәуелсіздік алғалы осы бағытта атқарып жатқан шаруалар мен шаралардың қарқыны алғашқы нәтижелерін бере бастады.

-Жұмысшыларымыз Елбасымыздың бастамасын қолдап, мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу ісіне шын ниет-көңілімен кірісті. Ең бастысы осы емес пе? Қазіргі таңда, шүкір, мектебімізде мүгедектер оқушылар жоқ. Алайда арбаға таңылған өнерлі жастар келіп жатса барлығына дайын болуымыз керек, – дейді Ирина.
Мектептің бұл игілікті ісі өзге мекемелерге үлгі болса дейміз. Себебі мүгедектерге жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың жайлы өмір сүрулеріне жағдай жасау – қоғамның басты парызы.
Қуаныш Сейдоллаұлы