“Тайқазан” ескерткіш күміс монетасы айналысқа шықты

Тайказан монетасыҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 28 қаңтардан бастап "proof" сапасымен номиналы 500 теңгелік "Дала қазынасы" монеталар сериясынан "Тайқазан" ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарылатыны туралы хабарлайды.
"Тайқазан" күміс монетасының пішіні төрт қырлы. Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде мемлекеттік тілдегі "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" және ағылшын тіліндегі "NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген ойылған жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Монетаның төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазба, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Монетаның жоғары бөлігінде соғылған жылын білдіретін "2014" деген сан,  монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925  31,1 g" деген жазу  бар. Айналдыра ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.
Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде тайқазанның оксидтелген бейнесі және мемлекеттік тілде "ДАЛА ҚАЗЫНАСЫ ТАЙҚА-ЗАН" және ағылшын тілінде "TREASURES OF THE STEPPE  TAIKAZAN" жазуының қоршауында күннің стильдендірілген бейнесі орналасқан. Монетаның төменгі бөлігінде және айналдыра ұлттық ою-өрнектің элементтері орналасқан.
Монетаның бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген.
Монета 925 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 31,1 грамм, сипатталған шеңбер диаметрі – 43,0 мм,  дайындау сапасы – "proof", ең көп таралымы – 5 мың дана.
Номиналдық құны 500 теңгелік ескерткіш монета Қазақстан Республикасының  бүкіл  аумағында  көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Түркілер үшін қазан бірлік пен қонақжайлықтың нышаны болды. Сондықтан оның көлеміне және сыртқы ресімделуіне айрықша мән берілді. Бұл тұрғыдан алғанда Түркістан қазанына тең келетін қазан жоқ. Түркістан қаласындағы Ахмед Ясауи кесенесінде орналасқан Тайқазан ең әйгілі қазан болып табылады. Оның диаметрі – 2,45 метр, салмағы екі тонна. Аңызға сәйкес, қазан жеті металдың қоспасынан дайындалған.
Монета реверсіне тайқазанның бейнесін оксидтеу (химиялық еріту) технологиясын  қолдана  отырып   дайындалды.
Ескерткіш монетаны "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓