Теріс пиғылды сайттар анықталды

Өткен жылы Қостанай облысында дiни экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттайтын 18 интернет-ресурстардың жұмысына тыйым салынды. Бұл туралы облыстық проку-ратурада өткен алқа мәжілі-сінде аймақ прокуроры Марат Қайыбжанов мәлiм еттi.
Интернет арқылы экстремизм және лаңкестік идеяларын насихаттауға қарсы жұмыстар жалғасуда. Жалпы сайттардың мазмұнына талдау жасалады. Қазiргi кезде бұл жұмыс жалғасуда. Жалпы бұл жұмыстар ҚР 2013-2017 жылдарға арналған Дiни экстремизм мен терроризмге қарсы iс-қимыл жөнiн-дегi мемлекеттiк бағдарлама аясында басталған.
Тағы да бір айта кетерлігі,  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті басқа мемлекеттік органдармен дiни және қоғамдық ұйымдармен бiрлесе отырып, бiр-неше iс-шараларды атқарды. "Таблиғи жамағат" ұйымы экстремистiк болып табылып, оның қызметiне тыйым салынды. Екiншiден, ақпараттық "Е-Islam" сайты құрылды. Үшiншiден, дiни мәселелер жөнiнде ақпараттық қабылдау және азаматтарға кеңес беру бiрыңғай орталығы ашылды. Тәулік бойы жұмыс iстейтiн 114 шұғыл телефон желiсi жұмыс iстейді.
Ш.АҢСАҒАНҚЫЗЫ.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓