Өртке себеп – құрғақ шөп

Осы апта басында Қостанай облысының бірқатар аудандарында құрғақ шөптің өртенуі фактілері тіркелді. Бұл туралы Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.2170_2Еске салсақ, өткен жексенбіде Мендіқара ауданы аумағында 32 га көлемінде қамыс өртенді. Дәл осы күні кешке Денисов ауданы, Покров ауылдық округінде 0,5 га құрғақ шөпті өрт шарпыды.
Қамысты ауданы, Ливанов ауылында да 35 га аумақтағы шөп өртенді. Дала өрттерін сөндіруге Қостанай облысының ТЖД аудандық бөлімдерінің күштері мен құралдары тартылды және ауылдық округтердегі ерікті өрт сондіру құрылымдары да қосылды. 
2014 жылы Қостанай облысының әкімдігінің көмегімен облыс аумағында космомониторинг жүйесі енгізілген. Бұл замануи технологияға сәйкес өрт шыққан аумақты ғарыштан бақылауға болады. Спутниктік баспалардан алынған ақпарат облыс орталығына лезде жетеді. Мұнан кейін жедел-диспетчерлік қызмет желісі құрылады.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓