«Жақыныңа жәрдемдес»
«Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалының мүшелері «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қолғабыс етуде. Акцияның алғашқы күнінде белсенді жастар Боровской ауылының тұрғыны, 93 жастағы қария А.Поташкинаға көмек берді. Тыл еңбеккерінің баспанасын ретке келтіріп, ауласының қарын ашыды. «Жақыныңа жәрдемдес» акциясы биылғы жылдың қаңтар айында бастау алған еді.