Бағдарламаның берері мол
«Сүйікті қалам» атты тәжірибелік – білім беру бағдарламасы жұмыс істей бастады.
Оның авторы Лариса Конобееваның айтуынша, бағдарламаның мақсаты «Стратегия-2050» және дуалдық оқыту жүйесі бойынша жастардың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіріп, кәсіби дайындығын жетілдіру. Жаңа бағдарлама бойынша Қостанайдағы 4 колледждің студенттері саябақ, мұражай, түрлі әлеуметтік нысандарды көркемдеуге қатысады. Сондай-ақ, Жеңіс саябағында ескерткіш орнатпақ. Әскери әндерге бейнебаян түсіруді де жоспарлап қойыпты.