Жітіқараның 4 көшесі қазақшаланды және… (жаңартылды)

Жітіқара қаласында 4 көше қазақшаланды. Атап айтқанда, 40 лет Октября – Бірлік, Аэродромная – Бәйтерек, Комаров – Береке, Степная – Кең дала болып өзгертілді. Сондай-ақ, қаладағы орталық алаңға "Тәуелсіздік алаңы" деген есім берілді. коше
Бұл шешім 285 тұрғын, 17 жұмыс комиссиясы және аудан әкімі Абай Ибраев қатысқан жиналыс барысында қабылданды. Ал Щорс, Новый, Шевченко, Карл Маркс көшелерін қазақшалауға тұрғындардың басым көпшілігі қарсы дауыс берді.
Мұндай өзгеріс Қарабалық ауданында да болды. Аудан орталығындағы Чапаев, Октябрь, Карл Маркс көшелері Қапан Бадыров, Серке Қожамқұлов, Иван Щеголихин сынды тұлғалардың есімімен алмастырылатын болды.
 

You may also like...

1 Response

  1. Жеңіс айтты:

    Истай Ищановтын есімін атынаң бір көшені қойндар. Ол Жітіқарадан шыққан Қазақстаның және Кенес Олағының батыры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓