Қостанайлық жүргіншілер жол ережесін жиі бұзады

Қостанай облыстық ІІД жол апатының көп жағдайда жүргіншілердің қателігінен болатынын дәлелдеп отыр. Полицей қызметкерлері «Жүргінші жолы» атты акция барысында бір күнде жол жүру ережесін бұзған 34 жүргіншіні және жаяу жүргіншіге тиісті жерде жол бермеген 3 көлік жүргізушісін ұстады. OLYMPUS DIGITAL CAMERA-Тәртіп сақшылары акция барысында 283 рет жол ережесі бұзылғанын бақылап отыр. 7 жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізген. Қазір жол тайғақ және боран болып келеді, қозғалыс көрінбейді. Сол себепті де жолда абай болған жөн, -дейді полицей майоры Юрий Панасенко.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓