Дәстүрлі дін насихатталды

DSCF8108Торғай аграрлы – техникалық колледжінің мәжіліс залында колледж кітапханасы мен "Жауқазын" үйірмесінің ұйымдастыруымен "Дін ислам – діңгегің" атты ізгілікті іс – шара өткізілді.
DSCF8096Тағылымды кештің құрметті қонағы болған Әлмұхамед молла атындағы Арқалық қалалық мешітінің наиб имамы Нұрхан қажы Асанұлы "Ислам дінінің ерекшеліктері" хақында, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мәнсия Айтмағамбетова "Экстремизм және терроризм кеселдері" туралы, аталған бөлімнің діни инспекторы Әсет DSCF8104Нұғманов "Жат ағымдардан сақ болу" жөнінде жастарға жан –  жақты түсінік берді.
 DSCF8100Өз кезегінде колледж шәкірттері имандылықты ту еткен әуезді әндерді шырқап,   асыл дінімізді ұлықтаған ақындарымыздың жыр жолдарын мәнерлеп оқып берді. 
Шара соңында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәбитбек Оспанов ел ішінде діни ой – танымды кеңейтуге елеулі үлес қосып жүрген дін жанашырларына алғысын айтты.
Мұрат Жүнісұлы
Суретте: Кездесуден көрініс
Суреттерді түсірген автор
Арқалық қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓