Бизнестің белсенділігі неге төмен?

IMG_5837Бейсенбі күні облыс әкімі жұмыс сапарымен Лисаков қаласында болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
Аймақ басшысы алдымен өткен жылы күрделі жөндеуден өткен Лисаков қалалық прокуратурасын аралаудан бастады. Мұнда құзырлы орган қызметкерлеріне барлық жағдай жасалған. Ғимараттарды аралап көрген облыс әкімі: "заңдылықты нығайтуда аянбай еңбек етің-дер", деді прокуратура өкілдеріне. Мұнан кейін өңір басшысы "Афродита" сұлулық салонына келді. Заманауи үлгіде ашылған әсемдік салоны қала орталығында орналас-қан. Тұрғындарға соңғы үлгідегі шаш үлгісін, бет және аяқ-қол күтімін жасауға барлық жағдай жасалған. 
Өткен жылдың желтоқсан айында ашылған "Балақай" балабақшасын аралап көрген аймақ басшысы жұмыстарына көңілі толатынын білдіріп, балалардың игілігі үшін ойыншықтар тарту етті.
Нұралы Садуақасовтың Лисаковтағы жұмыс сапары қалалық мәдениет үйінде өткен актив жиналысына жалғасты. Онда қаланың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды. Мұнан кейін шаһар басшысы Марат Жүндібаевтың есебі тыңдалды. Өнеркәсібінің 82 пайызын тау-кен өндірісі құрайтын шағын қалада өткен жылдың 12 айында барлық меншік түріндегі өндірістік кәсіпорындар жалпы сомасы 28,7 млрд. теңгенің өнімін өндірген:
– Моноқалаларды дамыту мақсатында былтыр 1 млрд. 57 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, қаланың әлеуметтік және инженерлік-инфрақұрылымын жақсартуға 768,9 млн. бөлінді. Бұл қаражат жылу және көшедегі электр желілерін, жолдарды қалпына келтіруге жұмсалды, – деді М.Жүндібаев.
Лисаков қаласының өткен жылда атқарылған жұмысын қорытындылаған аймақ басшысы экономика саласында артта қалушылық бар екенін сынға алды:
– Қалада үдемелі Индустриалды-инновациялық бағдарламаның орындалуы ақсап жатыр. Шағын және орта бизнеске көңіл аз бөлінеді. Лисаков қаласы өз кезе-гінде минералды тыңайтқыштар өндіруден бас тартып, бұл жоба қазір Тараз қаласында іске асуда. Соңғы үш жылда қала инвестициясы айтарлықтай төмендеді.
– Шыныменде қалада бизнестің белсенділік деңгейі төмен, – деді Марат Жүндібаев, – Бірқатар кәсіп-орындардың бас кеңселері өзге қалада орналасқан, осындағы филиалдары тиісті сұрақтарды өздігінен шеше алмайды. Индустриаландыру картасы бойынша төрт жоба ақсап жатыр. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 3 миллионға дейін грант беріле бастағанда, біз әрең дегенде 8 адамды тауып, оларға осы қаражаттарды зордың күшімен бердік, – деді ол.
Көптеген сұрақтар "Лисаков қағаз-картон комбинаты" ЖШС директоры Ф.Галиевқа қойылды. Өткен жылдың қараша айында  аталған кәсіпорын "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен меморандумға қол қойып, тұралап қалған комбинат енді ғана еңсесін тіктей бастапты.
– Қазір комбинаттың жалпы қарызы 450 млн. теңгеге жетті. Ал жалақы берешегі 4,5 млн. теңге. Жұмыскерлердің қарызын жарты жыл ішінде қайтарамыз. Қағаз өңдейтін машина, барлық құрылғылар сақадай-сай. Тек ақпан айында ғана өндіріске 10 млн. теңге қаржы құйылды. Үстіміздегі жылдың мамыр айында комбинат толық іске қосылып, 200 тонна қағаз, 500 мың жұмырт-қа қорабын, 150 шаршы метр гофрокартон өндіруді жоспарлап отырмыз, –  деді Ф.Галиев.
Н.Садуақасов өз кезегінде жалақы берешегін жарты жылға дейін созу өте ұзақ екенін ескертіп, бұл мәселені бір айдың ішінде шешуге тапсырма берді.
Басқа кәсіпорындардың жұмысында айтарлықтай ілгерілеу бар. "Дон Мар" ЖШС директоры              Ю.Стригинаның айтуынша, қазір кәсіпорын комбайн жаткаларының барлық түрін өндіреді. "Өндіріс көлемі жылдан жылға артып келеді. 2014 жылы 80 тіркемелі және 125 асырмалы жаткаларды өндірдік. Ал биыл өндіріс көлемін арттыруды жоспарлап отырмыз. 9 метрлік жатка – 4,3 млн. теңге тұрады. Біздің өнім канадалық және америкалық өнімдерден 3,5 есеге арзан әрі сапасы жағынан олардан кем емес", деді Ю.Стригина.
IMG_5936Кеншілер қаласындағы тағы бір серпінді жоба – Тобыл өзенінің жағалауына салынатын "Набережный" құрылысы. Жоба құны – 1,236 млрд. теңге. Оның жобалық-сметалық құжатына 100 млн. теңгеге жуық қаражат бөлініп, игерілді. Өзен арнасын тазартуға қосымша 46 млн. теңге жұмсалмақ.
Жиын соңында Нұралы Садуақасов шаһар басшысына қала экономикасын әртараптандыруды тапсырды: 
– Облыс бюджетін көбейтуге кеншілер қаласы өз үлесін қосуы керек. Сондықтан қала басшылығы алдағы екі жылда экономиканы әртараптандырып, инвестиция тартуға өз септігін тигізуі керек, – деді.
Актив соңында өңір басшысы түрлі саладағы бір топ үздік қызметкерлерді облыс әкімінің сыйлығымен марапаттады.
Шұға                         
              ҚОҢҚАБАЙ
СуреттеРДЕ:  облыс әкімінің Лисаков қаласына барған жұмыс сапарынан.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓