Аманкелді ауданындағы «Қаламқас» балабақшасында «Бала денсаулығы – басты назарда» деген тақырыпта ата-аналар конференциясы ұйымдастырылды.

Жиын барысында ата-аналарға салауатты өмір салтының маңыздылығын түсіндіріп,балалардың денсаулығын балабақшада ғана емес, үйдегі жағдайда нығайту туралы айтылды. Ата-аналарға кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Басқосу соңында тренинг өткізілді.Конференцияға қатысқан қонақтар балабақшаның жұмыстарын жақсы жолға қойылғандығын айтып, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.