«Қазақстан – ұлы достықтың мекені»

Арқалық медициналық колледжінде осындай атаумен  Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына орай, арнайы іс – шара өткізілді.
DSCF8085Оған Қазақстан Халықтары Ассамблеясының мүшелері: Торғай аграрлы – техникалық колледжінің бөлім меңгерушісі Ж. Ғапбасов пен Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің директоры С. Тасмағанбет қатысып, Ассамблеяның мән – мағынасы туралы жастарға мол мағлұмат берді.
DSCF8089 Ел дамуының негізгі шарттары: салиқалы саясат, көркем мәдениет, терең білім. Халықтың ынтымағы мен бірлігін арттыруда ассамблеяның ықпалы зор. Ассамблея ел өмірінің ажырамас бір бөлігі болып, қазақстандық әрбір азаматтың мүддесін қорғайтын институтқа айналды. Олай болса бүгінгі басты мақсат отандық ой – санаға қозғау салу, мызғымас біртұтастықты жүректен жүрекке жеткізу.
 Шара барысында Елбасы сөздерінен бейнеролик көрсетіліп, колледж шәкірттері Ассамблея туралы ой – тұжырымдарын ортаға салды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓