Мұз айдындағы кездесу

Қарасу ауданында  25 градус  үскірік аязға қарамастан,  облыстық  «КМ-Лига»  аясындағы  облыстық  хоккей  лигасы ойындары  өз  жалғасын тапты. Бұл жолғы  мұз айдыны бәсекесіне  Қарасу ауданы  мен Қостанай қаласының хоккейшілері бақ сынасты.
Хоккей_Карасу-Костанай4Бәсекені бастаған сәтте Қостанайдың «Қайраты» айдын иелерін 3:0 есебімен сан соқтырды. Бәсекенің екінші кезеңіне қарай,  қарасулықтар «Қайрат» командасына бір шайбамен жауап қайтарды.
Кездесуді ширақ бастаған қостанайлықтар  3 – ші кезеңде қарасулықтарды 7:0 есебімен жеңді .  Сөйтіп, Қостанай  қаласының «Қайрат»  хоккей  командасы қарасулық хоккейшілерге ойсырата соққы беріп,  11:1 есебімен таза жеңіске жетті. Алайда, турнирдің кестесі бойынша, қарасулықтар 6 – орынды, ал, қостанайлықтар-7 орынды тұрақтап тұр.
 
Ақнұр Мұсабаева

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓